ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Балбұлақ» бөбекжайының» «Балдырған» тобында 05.03.2024 жылы «Ақылды ана, көркем қыз» атты сайыс өтті. Топтағы 5 қыз бала, анасымен сайысқа қатысты.
Мақсаты: Қазақ қыздарының анасының жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өсуіне, аналарынан үйренгенін көрсете білуге және өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Санасына туған анасына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, дінін, оның тарихын, мәдениетін, өмірін, кәсібін қастерлеп, салт - дәстүрін, рухани - мәдени мұраларын меңгерте отырып, қазақ қызына тән қасиеттерге баулу.