ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға балап, ізеттілігін келіннен тауып, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – өрісің» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттау басты назарда тұруы қажет.
25.02.2022 жылы «Үржар колледжі» КММ-де колледж бөлім меңгерушісі Кенебаева Ляззат Слямхановна, физика пәні оқытушысы Шенер Мадина Ивановна мен педагог-психолог Дакина Салтанат Мұратқанқызының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Колледж аруы - 2022» байқауы өтті.
Аталған байқауға қатысуға ниет білдірген 15 жас пен 20 жас аралығында 18 арудың ішінен 8 студент іріктелініп алынды. Нақтырақ айтсақ:
1. Амангелді Шұғыла ІІІ курс №91 топ студенті;
2. Сағынбай Ажар ІІІ курс №87 топ студенті;
3. Бауыржан Ділнұр ІІІ курс №87 топ студенті;
4. Ахметова Айдана ІІ курс №92 студенті;
5. Кабаева Диана ІІ курс №92 студенті;
6. Жарылқасынова Шұғыла І курс №97 топ студенті;
7. Ораз Данагүл І курс №97 топ студенті;
8. Берікханова Інкәр І курс №97 топ студенті.
Арулар 5 бөлім бойынша сынаққа түсті. Аруларымыздың ән айту, би билеу, монолог оқу, сурет салу өнері бойынша өнерлері сыналды. Таласқа толы байқауда ару қыздар өз өнерлерін барынша ортаға салып, жан-жақты қырларынан таныла білді. Әр арудың көрсеткен өнері бағаланып, әділ қазылар алқасымен әділ бағаланды. Сайыс соңында жеңімпаздарды әділқазылар құрамы: Қазылар алқасының анықтауы бойынша, ерекше қырынан танылған арулар ретінде жеңімпаздар белгілі болып, марапаттауға ие болды. Байқауда жеңімпаз деп танылған арулар:
Бас жүлде иегері – Амангелді Шұғыла ІІІ курс №91 топ студенті;
1-орынды Сағынбай Ажар ІІІ курс №87 топ студенті;
2-орынды Ахметова Айдана ІІ курс №92 студенті;
3 орын иегері Бауыржан Ділнұр ІІІ курс №87 студенті иеленді.
Кабаева Диана, Жарылқасынова Шұғыла, Ораз Данагүл, Берікханова Інкәр аруларымыз колледждың арнайы номинацияларымен марапатталды.