ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Абай облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылы “Үржар колледжі” КММ-де алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жетекшісі Р.А. Тукенов, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Н.Е. Ақылбектің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай жастар арасында көпсалалы спортты дамыта отырып, достық қарым - қатынас орнату, патриоттық тәрбие беру мақсатында, колледж студенттері мен мектеп оқушыларының арасында волейболдан жарыс өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағазы мен медальдармен марапатталды. Сонымен қатар Ауған соғысының ардагері Бакаев Нұрғали Сағынғалиұлы үздік ойыншыларға демеушілік көрсетіп сыйақы берді. Жеңімпаздарды Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі А.Қожаев мақтау қағаздарымен марапаттады.