ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Ата - бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі - қариясын құрметтеу. "Қарт бар үйдің қазынасы бар" деп бекер айтылмаса керек. Бірақ, өкінішке орай, кейбір қарияларымыздың сый-құрметке бөленбей, үй шаруасын жалғыз өзі атқарып жүргені қынжылтады.
Ауылымызда жалғыз тұрып жатқан Зейнеш апамыздың үйіне колледжіміздің ерліктер тобы барып есік алдындағы қарын күреп, отынын жарып, көмірін кіргізіп, суын тасып берді. Үй шаруасына қол ұшын созған ұлдарымызға апамыз алғысын айтып, батасын берді.