ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Табиғаттың төбеден келген тосын мінезі Қоңыршәулі ауылдық округінен сырт айналып өтпеді. Биылғы жыл қардың мөлшерден тыс көп түсуі ауыл халқын біраз әбігерге салды.
 
"Үржар колледжі" КММ - де "Мейірім" еріктілер клубы коммуналдық сала қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастырды.
 
Акция аясында Туктыбаева Зейнеп, Гросс Зинаида, Мустафина Қайша жалғыз басты қарт аналарымыздың аулаларын қардан тазартып, көмір-сулары кіргізілді.
Колледж ұжымы бір кісідей акцияға қатысып, колледж айналасын қардан тазартты.