ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Үржар ауданы, Таскескен ауылында орналасқан. Бұл оқу орны 1960 жылы 19 қыркүйек айында №127 Аякөз ауылшаруашылық-механикалық училищесі болып құрылған. 1965 жылы 1 қазан айында №127 кәсіптік-техникалық училище болып өзгертілді. 1984 жылы 13 тамызда №20 орта кәсіптік-техникалық училищесі деп атауы өзгерді. 1996 жылы 27 мамырда білім саласындағы реформаларға байланысты №20 кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгерді. 2003 жылы 22 мамырда №20 кәсіптік мектеп болып өзгеріп, 2009 жылы  12 қаңтар айынан бастап,  №18 кәсіптік лицей болып өзгерсе, 2012 жылдың 14 маусымынан бастап,  «Үржар колледжі» КММ болып жұмыс жасауда.

Үржар колледжі »КММ-де 04.11.2020 жылы , сағат 15.00 де «Баланың бас ұстазы –ата-ана» тақырыбында ZOOM платформасынада онлайн форматта жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібі:

1. «Бала тәрбиесі баршаға ортақ». «Ата-аналардың міндеттері» .
Колледж директоры К.М.Чарахметов
2. «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері».
Үржар АІІБ жасөспірімдер инспекторы,полиция капитаны Г.Э. Альмурзеева
3. «Оқу процесі –басты назарда».
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Куракбаева
4. «Өндірістік сабақтар мен өндірістік тәжірибенің өтілу барысы».
Директордың оқу-өндіріс жөніндегі орынбасары А.Д.Баймухаметова