ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды. Оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.
Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт деп білеміз.
"Үржар колледжі"КММ – де 2022 жылдың 1 қыркүйегінде І курс студенттеріне Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мекеме басшысы Қанағат Маратұлы колледж табалдырығын аттаған студенттерді құттықтап жылы лебізін білдірді.Салтанатты жиыннан кейін барлық топ жетекшілер
"Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм" тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.