ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
2022 жылдың 24 ақпанында Үржар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутататы экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мұшесі Рахымжанов Әмірхан Мұратпекұлы Таскескен ауылында орналасқан алпыс жылдан астам тарихы бар «Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.Халық қалаулысы колледждің тыныс-тіршілігімен,материалдық-техникалық базасымен танысты,алда атқарылатын жұмыстар жайы талқыланды.
Рахымжанов Әмірхан Мұратпекұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында атап көрсетілген техникалық мамандықтарға басымдық беру мен жастар жұмыссыздығын азайту міндеттерін шешуде кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің орны ерекше екендігін атап көрсетті. К.М.Чарахметов басқарып отырған «Үржар колледжі» КММ-нің жұмысына оң баға берді.