ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Бұл күн – сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні! Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың жалғыз ұлын жоқтаған күні! Бұл күн – бақи болған қаһарман бауырларымызды қатардан іздеген күн! «Интернационализм...» деген саяси науқанның құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл-талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей кемсеңдеумен еріндерін тістелеп, өзегіне өкінішін жасырған күн!
 
"Үржар колледжі" КММ-сінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жетекшісі Айдар Қазбекұлы "Қазақ әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл" толуына орай "Ауған ақиқаты" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді.