ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

 Тарихсыз ел болмайды, елсіз ер бол­майды – дегендей, осы жылдар аралығында бұл мекеме қаншама түлектерін ұшырған, талай оқытушылар мен оқу-өндіріс шеберлері және кіші буын қызметкерлерімен тарих қойнауына еніп бара жатқан үлкен мекеме. 

Құрметті ауыл тұрғындары, колледж түлектері және желі қолданушылар Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылындағы «Үржар колледжі» КММ 2020жылдың 10-15 қазан айында колледж тарихын айқындап келешек ұрпаққа үлгі болатын Мұражай қызметін жандандырмақшы. Бұл үндеу осы мекемеде қызмет етіп, өмір жолдары осы мекемемен байланысты болған әр-бір азамат пен азаматшаларға арналады.

Бұл өмірден өтіп кеткен азамат, азаматшалардың ұрпақтары болса, ата-аналарының тарихынан сыр шертетін өмір жолдарын әспеттейтін альбом, буклет, стенд, жасап колледж мұражайына өткізулеріңізді сұраймыз.

Мұражай ма­териалдарын пайдалану оқушылар мен студенттердің дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастырумен бірге эстетикалық сезімдерді жетілдіріп, еңбекке, өнерге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятады. Оқушылар мен студенттердің бойында патриоттық қасиеттердің орын алуына, туған жеріміздің тарихына қызығушылық білдіруге, мақтаныш сезіммен қарауға жастарымыздың бойында жақсы қасиеттердің көрініс табуына мұражай көп ықпал етеді деген сенімдеміз.
Колледж тарихынан сыр шертетін естеліктерді көрудің өзі қандай мәртебе, қандай бақыт.
Еліміздің, халқымыздың мақтанышы бұл шаңырақ киелі де қасиетті екені даусыз. Бабалар рухын жас ұрпақ бойына сіңіруде әдемі есетеліктердің маңызы зор. Мұражай колледж тарихын әспеттеуде көптеген мәлметтер қорын жинақтауды жалғастыра береді. 

Байланыс нөмірлері: 8-722-30-3-60-65 Қабылдау бөлімі

                                     8-778-856-60-70  Айжан Турарбековна