ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Таскескен ауылында 200 бала емін-еркін білім алуға барлық мүмкіндік асалған техникалық колледж ашылды.

 

6 жыл бойы қаңырап бос тұрған ғимараттың бойына қан жүгіріп, күрделі жөндеуден өткен нысан заманауи құрал-жабдықтарменж қамтылған. Ашылу салтанатына арнайы шақырылған қонақтармен қатар, ауыл тұрғындары, студенттер мен оқытушылар, ата-аналар, Үржар аудандық мәдениет үйінің оркестр ұжымы, «Хабар» телеарнасы үлестерін қосты. Зор қуанышпен асыға күткен бас оқу ғимаратының символикалық кілтін ТОО «Айзат құрылыс» ЖШС бас директоры Кунапиянов Б. Колледж директоры К.М.Чарахметовке табыстады.
Нуркенов Ж.Ш. және колледждің үздік студенттері Турапов Азамат пен Жаканова Баян колледж лентасын қиды.
Бұл күні барлық студенттер, ата-аналардың қуанышында шек болмады. Зейнеткер ұстаздар, әр мекеме қызметкерлері колледждің ашылуына шашу шашып, тілектерін білдіріп жатты. Ашылу салтанатына келген қонақтар колледж ғимаратын аралап, колледждің мәжіліс залында ұйымдастырылған концертті тамашалады.
Үржар ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайын ары қарай қарыштап дамытуға колледж шәкірттері сүбелі үлес қосады деген сенімдеміз. Біздің жастарымыз алысқа ұзамай осы жерден-ақ сапалы білім алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл мерекенің басты себепкерлері Қазақтан РК депутаты Сабильянов Н.С. мырза мен еліміздің басты арнасы «Хабар» агенттігіне және ауыл азаматтарына ризашылығымызды білдіріеміз.

.