ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ-нің 1-ші курсына қабылданған студенттердің бір-бірімен танысып, абитуриенттік дәрежеден студенттік мәртебесіне ену кеші колледждің мәжіліс залында болып өтті.


Жастардың бұл танысу әрі студент деген қызығы мен шыжығы мол мәртебені иелену кешіне тиянақты дайындалғаны көрініп тұрды.


Салтанатты кешке колледж директоры Чарахметов Қанағат Маратұлы мен колледж әкімшілігі, топ кураторлары қатысып, жастарды осы ерекше күнмен құттықтап, студенттік мәртебесін қабылдаған жастарға символды Студенттік билеттерін табыс етті.


Бір қуыныштысы – биылғы 1 курс студенттері ішінде дарынды жігіт-қыздар көп екен. Жезтаңдай әншілер мен мың бұралған бишілір – танысу кешінің салтанаты мен мәртебесін асыра түсті.


Бұл кештің ерекшелігі сол, 1 курс студенттерін оқытушылармен "Бет ашар" дәстүрінде таныстырды. Студенттер оқытушыларға салем салып, ант қабылдады.
Соңғы жылдары студенттердің танысу кештерін ұйымдастырып, жастардың жаңа орта мен жаңа талаптар тезіне сіңісуіне ерекше күш салып жүрген, колледждің жастар ұйымының төрағасы Бейбіт Нұрсұлтан Бейбітұлын жаңа толқын дос аға, қамқор ұстаздай көре бастағанын аңғардық.


Колледжімізді таңдап, өмірінің жаңа белесін – студенттік өмірін бастаған 1-курс білімгерлеріне: «Студенттік мәртебелерің құтты болсын, Алла зейіндеріңді ашсын!» - дейміз.