ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Бес күндік оқу дала жаттығуларының негізгі мақсаты- қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
 
"Шынықсан, шымыр боласын" осындай бастамамен "Үржар колледжі" КММ студенттері дала жиынында өз шеберліктерін шыңдады. Дәстүрлі жиын "Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақша" КММ -де өтті. Биылғы ерекшелік оқу-жаттығуларын ашық далада емес, әскери тәртіпке сай казармалық жағдайда өткізді. Құнарлы ыстық тамақ, оқу-жаттығуларына қажетті құрал- жабдықтардың барлығы талапқа сай жабдықталған. Аз уақыт ішінде колледж студенттер атыс сабақтарын, тактикалық сабақтарды үйреніп шыңдалды.
 
Ерекше белсенділік танытып, көзге түскен студенттер "Мақтау қағаздарымен" марапатталды.