ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Үржар колледжінде "Наурызнама" онкүндігі жалғасуда "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" күніне орай "Наурыз-жыл басы" атты колледжішілік мерекелік кеш өтті. Студенттер, ата-аналар, ұстаздар "Байғазы", "Ерулік беру", "Сүйінші сұрау" т.б. салт-дәстүрлерінің көрсетілімдерін ұсынды. Әжелер шашу шашып, келіншектер "Тойбастар" әкеліп мерекені көріктендірді. Ата-аналар "Наурыз көже" беріп мерекені ерекше көңіл күймен өткізді.