ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Үржар колледжі» КММ – дегі ҚР ДСМ ТКҚСК ШҚО департаментінің ЖҚТБ-ның алдың-алу және оған қарсы күрес Орталығының 14.10.2019 ж №03-11-582 хатына сәйкес өткізілген «Сақтан ұрпақ ЖИТС (СПИД)
деген қатерден» атты айлық барысында «ЖИТС (СПИД)- ғасыр уы» тәрбие сағаты, «ЖҚТБ және жыныстық жолмен жұғатын аурулар» тақырыбында кездесу Таскескен ауылдық ауруханасының гинеколог-дәрігері Жақсылықова А.Б. қатысуымен өтті. Кездесу барысында студенттерге АҚТҚ мен ЖҚТБ инфекция сипаттамаларын, аталған инфекциялардың таралуын, алдын-алу жолдары туралы мәлімет берді. Жанұяны жоспарлау принциптері, қыздарға арнайы дәріс оқылып, жан – жақты мәлімет берілді.«ЖҚТБ – ғасыр дерті» атты денсаулық сабағы, «ЖИТС –тің жұғу жолдары және онымен күрес» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жастар ұйымының төрағасы Бейбіт Нұрсұлтан Бейбітұлының ұйымдастыруымен «Сақтан ұрпақ ЖИТС деген қатерден» атты театрландырылған көрініс қойылды.