ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. Осыған орай «Үржар колледжі» КММ-де колледж педагог-психологы С.М.Дакинаның ұйымдастыруымен «Сіздерге Алғысым шексіз» атты мерекелік іс-шара өтті. Колледжіміздің студенттері колледж ұжымына алғыс айта отырып, өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар өз алғыстарын білдіру мақсатында, әр ұжым мүшелеріне жүректер жасап таратты. Студенттеріміздің алғыстарын білдіру мақсатында «Алғыс айту» бұрышы ұйымдастырылды. Студенттеріміз өз алғыстарын білдірді.