ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Үржар колледжі»КММ кітапханашысы «Оқуға құштар колледж» бағдарламасын басшылыққа ала отырып кітапханашының ұйымдастыруымен барлық курс студенттері мен ұжымдастар арасында Халықаралық кітап сыйлау күні аясында «Мұқтаждарға кітап сыйла» акциясын өткізді. Мақсаты: Барлық кітап сүйер қауымды кітап оқуға шақыру. Ұлттық әдебиетіміздегі туындыларды оқуға насихаттау, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру үшін кітап сыйлау болды. Кітапхана қорына оқытушылар мен студенттер тарапынан жиыны 16 әдеби кітап сыйға тартылды. Колледж директоры Сабыр Тунгышбаевич, әдіскер Жанар Кажимовна , пән оқытушылары Гүлназ Шакеровна, Архат Ғалымшаихұлы оз лебіздерін білдірді.