ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Үржар колледжі»КММ кітапханашысы   «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес берем» Колледж кітапханасы 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес берем» атты  библио- кросс жариялады . Ең көп кітап оқыған оқырман жеңімпаз аталатыны хабарланды.

Кітапхана қорларын және кітапхананы насихаттау, кітапханаға жаңа оқырмандар тарту, әдебиет беру санын ұлғайту мақсатында өткізіліп отырған бұл іс-шараға колледждің барлық студенттері тартылды.

 Акция аясында оқылатын кітаптар, оқырмандардың жүрегінен өз орнын табады деп үміттенеміз.