ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
2020 жылдың 10-15 ақпаны аралығында «Үржар колледжі» КММ-де қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін» атты ашық сабақтар апталығы өтті. Апталық барысында қазақ әдебиетінен №87 топта «Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында (оқытушы-ф.ғ.к.Турысбекова Жанар Кажимовна), №89 топта «Біржан сал Қожағұлұлы» (оқытушы-Аилбекова Мейрамгуль Орынбасаровна), орыс тілінен №89 топта «Глагол как часть речи» (оқытушы-Токабаева Нургуль Кулмухаметовна), ағылшын тілінен №87 топта «London is the capital of great.Britain. Sightseeing in London» (оқытушы- Асқарбаева Жанат Курмангалиевна) ашық сабақтар өткізілді. Апталық барысында бекітілген жоспар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілді. Өткізілген сабақтардың ұйымдастырылуы мен формасы әр түрлі болды. Апталыққа жалпы білім беретін пәндер оқытушылары белсене қатысты.