ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Тәуелсіздік – ел арманы аңсаған» тақырыбында өтетін әскери-патриоттық айлық аясында алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Саканов Айдар Қазбекұлы, 94 топ кураторы Бейбіт Нұрсұлтан Бейбітұлы және 95 топ кураторы Ақшайқ Архат Ғалымшайхұлының ұйымдастыруымен «Жеңісті жақындатқандар» атты тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге адамгершілікке, отаның сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Студенттерді Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Әр студентті үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.