ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Қайырымдылық халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа –жан риза » дегендей жалғызбасты, қарттарға жанашыр қамқоршысы болып аялы алақанын тосып жүрек жылуын ұсыну әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-қарттарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық , мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығында Үржар коледжі ұжымы қайырымды істі көбейтті. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты қарттарға көмек беріп жатыр. Бүгін Зейнеп апаның ауласын қыс бойы жиналған күл-қоқыстан тазартты. «Мейірім» еріктілер клубының мүшелері қайырымдылық, қамқорлық жұмыстарын жалғастыруда. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.