ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Қоршаған ортаның тазалығы -барлық адамзаттың міндеті. Қазіргі таңда экологияны яғни, қоршаған ортаны қорғау ең басты мәселе болып отыр. Ауаның ластануымен күресу, суды және ауыз суды  ластанудан қорғау керек. Біз адамдар барлық сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әсемдікті табиғаттан  үйренеміз. Біз де табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауымыз керек. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан әлем қоқыстың құрсауында қалып отыр деуге де болады. Өйткені шірімейтін тұрмыстық қалдықтардан зардап шегеміз. Қанша ғасыр өтсе де, еш бұзылмайтын пластикалық бөтелке, полиэтилен қалталардың залалы климатты өзгертуге дейін ықпал етіп отыр.  Әр адам өз жүрген жеріне көңіл бөліп, тазалық сақтап жүрсе, біздің денсаулығымыз да жақсарады. Денсаулық – баға жетпес асыл  қазына . Осы мақсатта Үржар колледжінің ұжымы колледж айналасына және ауыл көшесіне тазалық жұмысын жүргізді.