ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Шәкірт пен ұстаз арасындағы сүйіспеншілікті, өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында "Екі жұлдыз" атты ән сайысы өткізілді. Әділқазылардың әділ шешімі бойынша қатысушылардың арасында жүлделі 3 орын анықталды, қалған жұптпр әр- түрлі номинациялармен марапатталды: 1 орынды колледж директоры Чарахметов К.М. және 1 курс студенті Сағынбай Ажар иеленді, 2 орынмен ДТІЖЖ орынбасары Баймухаметова Ж.А. мен 2 курс студенті Тұрсынғазы Лаура марапатталды, 3 орынды математика пәнінің оқытушысы Касенгазина С.Н. мен 1 курс студенті Бауыржан Ділнұр алды.
Қалған қатысушыларға "Үздік сахна мәдениеті" , "Көрермен көзәйымы" , "Ең жарасымды жұп" номинациялары берілді.