ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Өз ісінің нағыз шебері- бұл өзге адамдардың қолынан келмей жатқан істерді сүйсініп, бар ынта-жігерімен тырысып бағатын адамдарды айтамыз.
"Үржар колледжі" КММ студенттері арасынан өз ісінің нағыз шеберлерін анықтау мақсатында 06.06.2019 күні "Үздік кәсіби маман-2019" байқауы болды. Сайыс "Фермер шаруашылығы" және "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша өтті, яғни аталмыш сайысқа қатысушы студенттер WorldSkills стандартына сәйкес тәжірибелік тұрғыда қатысты.
Сайыстың үздіктерін таңдап, әділ бағалайтын әділ-қазы мүшелері де болды.
Әділқазылар алқасының төрағасы -ШҚО кәсіпкерлер палатасының Үржар аудандық филиалының менеджер-кеңесшісі Курмангалиев Ж.М.
Үржар аудандық техникалық байқау инспекциясының инспекторы-Есенаманов С.Т.
"Үржар колледжі"КММ әлеуметтік серіктесі "Сұңқар" шаруа қожалығының төрағасы- Жумагулов Б.Х.
Жеке кәсіпкер- Жакиянова А.М.
"Үржар колледжі" КММ асханасының бас аспазы -Карибаева А.С.
Сайыс төмендегі бөлімдер бойынша бағаланды:
"Фермер шаруашылығы" мамандығы бойынша "Үржар колледжі" КММ аумағында (Автодром)
1. Сегмент шегелеу
2. Тракторға тіркеме тіркеп, жұмысқа дайындау және жүргізу.
3. Жер өңдеуге арналған машина-трактор агрегаттарын жұмысқа дайындау және жер жырту.
"Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша Үржар колледжі" КММ асраздық зертханасында.
1. Нан өнімін пісіру
2. "Карамель" пирожный жасау
3. 2-тағам Гарнирмен берілетін "Құс сүбесі"
Сайыс өте тартымды өтті. Сайыс қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен мақтау грамоталары табысталды.
Үздік маман- кез келген ұжымның мақтанышы, мерейі, абырой- беделі, басқаларының алдында бетке ұстар айнасы десек артық емес. Бүгінгі сайыста топ жарған студенттерге алдағы еңбек жолында өз мамандықтарының үздіктері болыңдар демекпіз