ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ – де «Фермер шаруашылығы» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы студенттеріне «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында «Адалдық сағаты» өткізілді. Оны 40 жыл ұстаздық еңбек еткен зейнеткер оқытушы, «Нұр-Отан» партиясының мүшесі Касенгазина Саулехан Наурызбаевна өткізді. Саулехан Наурызбаевна өз сөзінде адам өміріндегі адалдық туралы айта келіп таңдаған мамандыққа деген адалдықты , сүйіспеншілікті айта келіп, қазіргі жастар арасындағы, сыбайлас жемқорлық, отбасы құндылықтары, Отанға деген сүйіспеншілік, салауатты өмір салты туралы, студенттерге дайындалған бірнеше сұрақтар қою арқылы адалдықтың мағынасын толықтай ашып түсіндіріп берді. Студенттер берілген мәліметтерді мұқият тыңдап, белсенді түрде қатысып отырды. Адалдық сағатына 45 студент қатысты.
Жалпы «Адалдық сағаты» қызықты да тартымды өтті.