ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-да студенттердің бойында адалдық пен парасаттылық қасиеттерін насихаттау арқылы болашақ мамандардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында "Адам бол, адал бол" тақырыбында адалдық ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құрылған "Саналы ұрпақ" жобасы талқыланды. Ашық тәрбие сағатына қатысқан студенттер жоба аясында жасалған көрмені тамашалап, адалдық туралы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты көріністі тамашалады.