ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Қайырымдылық жасау қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Асыл дініміз де мұқтаж жандарға жақсылық жасауға бұйырады. Олай болса, жақсылық жасап жарысайық, ағайын!
"Үржар колледжі" КММ арнайы пән оқытушысы Ақшайх Архат Ғалымшайхұлы мен оқу-өндіріс шебері Сулейменов Жумахан Жунусович студенттерімен жалғыз басты аналарға көмек қолын созды, үй іргесін қардан аршып, төбелерін қардан тазартып, есік алдындағы көк мұзды ойып тазалады.