ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ- де "Мейірім" еріктілер тобы егде адамдарға, жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол ұшын созып, көмек көрсетуде. Соның тағы да бір дәлелі еріктілер тобы жалғыз басты аналардың үй маңайын қардан тазалап берді.Табиғаттың тосын сыйы қалың қардың жаууына байланысты колледж техникалары да қар тазалау жұмысына жұмылдырылды. Қарт аналар колледж ұжымына және студенттердің еріктілер тобына алғыстарын жаудыруда.