ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар әлемде баршылық. Қазан айының жайма шуақ күнін "Үржар колледжі" КММ студентеттері мен оқытушылар қауымы бірігіп, қарттар мерекесіне орай, жалғызбасты әжелерге көмек қолын созудан бастады.
 
Үржар колледжінде волонтерлық жұмыс жақсы жолға қойылған.
 
Еңбек ардагерлеріне,жалғызбасты аналарға,зейнеткерлікке шығып ауыр жұмысқа қауқары келмей қалған азаматтарға үй маңын тазалау ,ағаш жару , көмір кіргізу,үй ішін әктеу,тазалау және қыста қардан тазалау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.