ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ -де «Тәуелсіздік-ел арманы аңсаған» тақырыбында өткен әскери-патриоттық айлығы аясында колледж кітапханашысы Анаргуль Кашимбаева «Ұрпақтар есінде» атты кітапхана сағатын өткізді. Офлайн форматында өткен кітапхана сағатына №93, №94 топ студенттері қатысты. Ұлы Жеңіске арналған кітап көрмесі таныстырылып, LED экран арқылы бейнероликтер студенттер назарына ұсынылды.

 

Іс-шараның мақсаты: студенттерге Ұлы Отан соғысы туралы білім беру,тың ақпараттармен таныстыру,соғыс ардагерлерінің ерліктері жайлы баяндау.

 

Тарих-уақыттың есте қалар белгісі. Мемлекеттің тарихы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен Отан қорғаушылардың жоғары рухын, батылдығын, ерлігін, жауапкершілігін қалыптастыруды табысты шешумен байланысты.